Бос жұмыс орындары

БАС ИНЖЕНЕР

Бас инженер нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның техникалық саясаты мен техникалық даму бағыттарын, қолданыстағы өндірісті қайта құру және техникалық қайта жарақтандыру жолдарын, өндірісті мамандандыру мен әртараптандыру деңгейін анықтайды.

ҚІЖК бас инженерінің негізгі функциялары ұңғымаларға күрделі жөндеу жүргізу және бұрғылаудан игеру процесін жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау, ІҚМ-дағы жұмыстарды талдау және жетілдіру болып табылады.

БАС ТЕХНОЛОГ

Жаңа цехтар мен учаскелерді ұйымдастыру және жоспарлау, оларды мамандандыру, жаңа техниканы, жаңа жоғары өнімді технологиялық процестерді игеру, өндірістік қуаттар мен жабдықтарды тиеу есептеулерін орындау, өндірістің техникалық деңгейін және жұмыстың ауысымдық коэффициентін арттыру жөніндегі жұмыстарға басшылық етеді …

Ұңғымаларды жерасты күрделі және ағымдағы жөндеу технологиясының сақталуын қамтамасыз етеді.

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ЖЕТЕКШІ МАМАН

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі Инженер қауіпсіздік техникасының сақталуын қадағалайды, құрылыстардың, ғимараттардың, механизмдер мен машиналардың техникалық жай-күйін тексереді. Оның міндеттеріне жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын бақылау, қауіпсіздік ережелері бойынша қызметкерлерге нұсқау беру кіреді.

Өндірістегі жазатайым оқиғалардың немесе жарақаттардың себептерін зерттеу. Қауіпсіздік құрылғыларын орнатуды басқару. Қызметкерлердің жаңа қауіпсіздік бағдарламаларын құру немесе қайта қарау және жақсартуларды ұсыну.

бізге түйіндемеңізді жіберіңіз